Бiздiң мектеп

Рассмотренных обращений: 2
Не рассмотренных обращений: 0

Новостная лента Slash2
Автор: Аманбаева Ж.О.

Қарашаның 14-24 аралығында эстетикалық цикл пәндері бойынша ӘБ декадасы өтті

Қарашаның 14-24 аралығында

эстетикалық цикл пәндері бойынша ӘБ декадасы өтті


Декадаға үш мұғалім қатысты: Негметжанова Ж.С.- музыка пәнінің мұғалімі, Закрин Т.М. – технология пәнінің мұғалімі (ұлдарға), Аманбаева Ж.О. – бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі. Технология пәнінің мұғалімі (қыздарға) Жаксылыкова Т.Т. денсаулығына байланысты декадаға қатысқан жоқ. Кейін, 19 қаңтарда ашық сабақ өткізді. Әр мұғалім бір сабақ пен бір сыныптан тыс іс-шара өткізді.Сонымен қатар мұғалімдер көрмелер мен қабырға газеттерін шығарды. Мектеп психологы Бейсембаева Анар Ермековна ӘБ мұғалімдеріне психологиялық ахуалдар мен психологиялық тренингтер өткізді. Декада кезінде пән мұғалімдердің портфолиосының, жинақтау папкаларының, дидактикалық материалдарының және көрнекілік материалдарының көрмесі де өтті.

        Аманбаева Ж.О. бейнелеу өнері пәнінен балалардың сабаққа қызығушылығының уәждемесін анықтау мақсатында мониторингтер өткізді. Мектеп екі тілдік болғандықтан сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар екі тілде өткізілді.

        Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс іс-шара 5 орыс тілінде оқытылатын сыныпта өтті.  Тақырыбы: «Путешествие по стране искусства» болды. Сыныптан тыс іс-шараға 7 мұғалім және 5 қазақ сыныбы оқушылары. Сыныпты 2 командаға бөлдім. Алдын ала оларға ештеңе  айтылмаған, бірақ сабақ жоспарын құру барысында сабақтан жақсы нәтижелер күтілген. Сыныптан тыс іс-шара оқушылардың бірінші тоқсаннан бейнелеу өнерінен алған теориялық білімдерін бекітіп, практикалық икемділіктерін жетілдіру болды. Мектептен балалар ойдан шығарылған өнер елімен  саяхатқа шығады. 5 қазақ сынып оқушылары мектептен шығарып салушылар болды. Бірінші аялдама «Кроссвордово» оқушылар тақтада ілініп тұрған кроссвордты шешті, онда балалар өздерінің бейнелеу өнерінен теорияны жақсы білетіндерін көрсетті. Екінші аялдама «Краскино», бұл аялдамада балалар бояуларды араластыруға тапсырмалар алып, жақсы орындады. Үшінші аялдамада, «Искусствоведково», балаларға құпиялы жапырақтар берілген, жапырақтарда жанрларға байланысты тапсырмаларды орындауға тапсырмалар берілді. Балалар барлық тапсырмаларды жақсы орындады. Төртінші аялдама «Реставрацино», балаларға мозаика құрастыруға тапсырма берілді. Бұл аялдамадан да балалар сәтті өтті. Бесінші аялдама «Промыслово», балаларға жұмбақтар берілді. Балалар қызығушылықпен жұмбақтарды шешті. Ең сонғы сайыс капитандар сайысы болды. Балалар бұл сайыста тақтаға оқылған өлең жолдарын салып отырды. Аяғында балаларда маңызды сурет шықты.


Сыныптан іс-шарада қойылған

мақсатқа жеттім деп санаймын. Балалар І тоқсанда алған білімдерін көрсетті. Білім деңгейі айтарлықтай, қойылған талаптардың барлығын ынталанып орындады. Сайыста бәсекелестік байқалды, балалар бір-бірінен артық жұмыс жасауға тырысты. Барлық жасалған жұмыстары сапалы болды. Балалар сабақта отырған мұғалімдерге өздерінің білім деңгейлерін көрсете білді. Мысалы: жапырақтарда жасырылған бейнелеу өнерінің жанрларына байланысты суреттерді салды (натюрморт, портрет, пейзаж және анималисттік жанрлар берілген еді). Сабаққа қойылған талаптардың барлығы орындалды. Сабаққа қатысқан мұғалімдердің пікірлері жақсы. Сабақтан тыс іс-шара мұғалімдерге ұнады, олар көп әсер алды.

             Ашық сабақ 5-6 сынып оқушыларының арасында өтті. Тақырыбы: «Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау» Сабаққа тоғыз мұғалім қатысты.

     Сабаққа АКТ қолданылды. Сабақтын алдында отырған балаларды санау арқылы үш топқа бөлдім. Сабақтын басында балаларға слайдтан өлең жолдарын оқуға тапсырма берілді. Әр топтан бір оқушы тұрып берілген өлеңді мәнерлеп оқыды. Сұрақ қойдым: «Өлең жолдарында не туралы айтылған? Ойларыңды айтындар», балалар өз ойларын айта бастады. («Қыс», Жаз», «Көктем» Абайдың өлеңдері берілген). Балалар ол табиғат құбылыстары туралы, жыл мезгілдері туралы, Абайдың өлеңдері екендігін айтты. Олар, мұғалімнің бағыттауымен, тақырып Абайдың табиғатқа байланысты шығармалары туралы екендігін түсінді. Балаларға табиғат жанры туралы не білетіндігі туралы естеріне түсіріп ойлануларына тапсырма берілді. Соден кейін әр оқушыға жеке парақтар таратылды, парақтарда Б-Б-Б берілген (білемін, білгім келеді, білдім). Бірінші екінші бағанды балалар толтырды, онда балалар пейзаж туралы не білетіндерін және не білгісі келетіндіктерін жазды. Содан кейін балаларға Дара тобының «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі тындауға ұсынылды. Бірінші рет балалар клипті қарады, көргендерін талдады. Екінші рет балалар көздерін жұмып өлеңді тындады, өлең тындаған кезде олар өздерінің не елестетекендері туралы ойлану керектігі тапсырылды. Тыңдап болғаннан кейін алған әсерлерін топпен талдап, бейнелеуге тапсырма берілді. Сурет салып отырған кезде балалардың көңіл күйлерін көтеру үшін әуен жағып қойдым (Бах, Бетховен, Моцарт). Суретті салып болғаннан кейін балалар сабақтың басында берілген қағаздарын толтырды. Олар: «пейзажға ауылдағы суды, орманды салу керектігін білдім», «адамдар көздеріне елестеткендерін сала алатындығын білдім», «сурет салған ауызша айтқаннан да әдемірек болып шығатынын түсіндім», «түнгі табиғат құбылыстары туралы білдім» т.б пікірлер болды. Пікірлерін жазғаннан кейін балалар топпен шығып суреттерін қорғады. Қорғау кезінде балалар әр қайсысы сөйлеуге тырысты. Суреттерді қорғап болғаннан кейін балалар өздерін және шағын топтағы балаларды, келесі критерийлермен бағалады: топта сөйлеп, идея айтқандарын, белсенділігін бағалау, сурет салғанда үлес қосқандарын бағалады. Сабақтың аяғында оқушылар кері байланыс жасады, сабақ барысында не ұнады, не ұнамағанын жазды. «Мен сабақтан көп әсер алдым, маған біздің сурет салғанымыз ұнады», «Маған топпен сурет салған ұнады», «Маған жұмыс істеген ұнады. Басқа сыныппен жұмыс істесемде барлығы қызық болды», «Сабақ көңілді болды», «Маған бүгінгі сабақтан барлығы ұнады. Қалай біз топқа бөлініп сурет салдық. Суретті қорғағанда. Бүгінгі сабағым маған өте ұнады», «Топпен жұмыс істеген жақсы, мен пейзаж туралы көбірек білдім», «Бүкіліміз бірігіп әдемі сурет салдық» деген көптеген жақсы пікірлер жазды. Жазып болғаннан кейін балалар барлығы тұрып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін хормен орындады. Сабақ жақсы өтті.

         Негметжанова Ж.С. музыка пәнінен сыныптан тыс іс-шара өткізуге 6 сынып оқушыларын алды. Тақырыбы: «Музыка әлемінде» болды. Оқушылар саны аз болса да, белсенді қатысып өз өнерлерін ортаға салып, білімдерін көрсетуге тырысты. Менің өзіме еш кемшілік байқалмады. Балалар музыка бойынша көп білім алды. Өздерінің өнерлерін де көрсете алды. Әділқазылар алқасына: Нурумова Ж.Д., Коваль Т.Н., Аманбаева Ж.О. отырды. Қойылған мақсатына толық жеткені мәлім.

          Ал ашық сабақтың тақырыбы «Ғазиза Жұбанова» болды. Ашық сабақ та 6 сыныпта өтті. Балалар қызығушылықпен қатысты. Барлық өнерлерін көрсетті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер де өздеріне көп мәліметтер алды.

        Закрин Т.М. технология пәнінен ашық сабақ 11 орыс сыныбында өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Маневрирование на дорогах» болды. Сабақта презентация қолданды. Сабаққа барлық оқушылар қатысты. Сабақ барысынды оқушылар тақырып бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Көбінесе сабқта өзіндік жұмысты пайдаланды. Сабақта интерактивті тақта қолданылды.

Сабақтан тыс іс-шараның тақырыбы: «Сабақта конструкциалдық материалдарды қолдану» болды. Сабақтан тыс іс-шара барысында оқушылар берілген тапсырмаларды жақсы орындады. Берілген тапсырмалар оқушыларға ұнағаны белгілі. Олар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балалар аз болса да сабақ нәтижелі болды, сабаққа қызығушылықпен қатысты. Технология пәнінен балалар жақсы білімдерін көрсетті, барлық құрал-саймандардың атауларын және оларды қолануларын біліп отыр. Олардың формаларын білетіндерін ермексазбен мүсіндегенінен байқалды. Сыныптан тыс іс-шара қызықты өтті. Байқалған кемшіліктер болған жоқ. Сабақ өте ұнады.

 

   Жаксылыкова Т.Т. технология пәнінен «Квиллинг» тақырыбына ашық сабақ 8 орыс тілі сыныбында өткізді. Сабақ өте қызық өтті оқушылар мен мұғалімдер көп әсер алды. Сабаққа келген мұғалімдер де балалардың жасаған жұмыстарын жасады. Сабақтын аяғында нәтиже көрінді. Мұғалім мақсатына жеттім деп санайды. Панно дайындалды. Берілген техниканы әрі қарай сабақтарымда қолданамын деді. Сабаққа 7 мұғалім қатысты. Сабақ туралы ойлары жақсы. Панноны «Көктем гүлдері» деп атағанын ұсынды.

    Сонымен қатар мұғалімдер қабырға газеттерін салып көрмелер ұйымдастырды. Негметжанова Ж.С. «Музыкалық аспаптар» атты газетін шығарды. Аманбаева Ж.О. Үйірме жұмыстарының көрмесін құрастырды.

           Қорыта келе ӘБ мұғалімдері сабақ берудің жаңа технологияларын пайдалана отырып жақсы сабақтар мен ашық іс-шаралар өткізді. Көрсетілген ашық іс-шаралар күнделікті сабақ берулерінің қорытындысы деп те есептеуге болады. Қай сабақты алсақ та балалар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық қабілеттерін көрсете алды. Сабақтарға қатысқан мұғалімдердің пікірлері өте жақсы. ӘБ мұғалімдері осы бағыт бойынша жұмыстарын жалғастыру және ізденістер үстінде.

          Әдіс бірлестігі декадасы жұмысының қорытындысы ретінде барлық ашық іс-шаралар жинақталып кітап жасалып мектептегі әдістемелік кабинетіне тапсырылды.

Аманбаева Ж.О., ӘБ жетекшесі
















































































































































































Просмотров: 361
Дата создания: 05.02.2013
Дата редактирования: 05.02.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource